Жаңалықтар

Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
  • Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
27 шілдеде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде өңірдегі полиция бөлінстерінде болды.
Семей қаласында Министр қалалық ІІБ-нің басшылығымен және жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізіп, Затон полиция бөлімі мен Семей заң колледжіне барды. Өскемен қаласына келгеннен кейін С.Баймағанбетов ІІД-нің басшы құрамымен кездесті, сондай-ақ Жедел басқару орталығын, қалалық ішкі істер басқармасын және ІІМ-нің училищесін аралап көрді.

Облыстық ІІД-де өткен жедел кеңесте Серік Баймағанбетов Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық-парктикалық шаралар кешенін іске асырғанын атап өтті.

ІІМ осы облыстағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады, себебі елімізде жасалатын қылмыстың 15% осында тіркелген. Өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Көптеген қылмыс түрлерінің саны (ауыр және аса ауыр, кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, рецидивті және жасөспірімдер арасындағы қылмыстары) қысқарған. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 7%, көшедегі - 9% азайған. Көптеген қылмыс түрлерін ашу артқан. Сонымен бірге ұрлықтың, оның ішінде пәтер ұрлықтарының өскені байқалады.

Ішкі істер министрі жалпы ІІД-нің ұжымы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп отырғанын, алайда Департаменттің кейбір қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруда әлі де кемшіліктер бар екенін атап өтті.
Кеңесте С.Баймағанбетов Елбасы белгілеген міндеттер аясында басым бағыттарын айқындады. Министр қылмыстардың алдын алуда және қылмысқа қарсы күресте құқықтық тәртіп күштерін тиімді пайдалануды ұйымдастыруды тапсырды.

Азаматтардың құқықтарын қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмысқа, оның ішінде оның ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күреске, қылмыстарды ашуға және қылмыскерлерді іздестіруге, есірткіні сату фактілерінің жолын кесуге, есірткі бизнесімен айналысатын есірткі сатушыларды және қылмыстық топтарды ұстауға, сондай-ақ көшедегі және жастар қылмысына қарсы күрес шараларына ерекше назар аударылды.
Кеңесте сондай-ақ кадрлармен жұмыс, ІІО-ның жеке құрамы арасында тәртіпті нығайту, өз қатарымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ қылмыстарды толық және объективті тіркеу мәселелері қаралды.

Облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы мен бөліністерінде қылмысқа қарсы күресте, өңірдегі тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар. «Біз Мемлекет басшысы қойған басты міндет халық сеніміне ие болу және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау екендігін әрдайым есте сақтауымыз керек. Бұл біздің қызметімізді бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады» - деп атап өтті ведомство басшысы сөзінің сонында.


Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы