
Навигацияжаналықтарға жазылу![]() |
БАҚ-қа шолу
жеті айдан соң қолға түстіжеті айдан соң қолға түсті
Жыл басынан бері Жамбыл облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы криминалдық іздестіру бөлімінің қызметкерлерімен бұрын іздеуде жүрген 180 тұлға ұсталды. Оның тоғызы – өзге мемлекет азаматтары.
Ал, таяуда ізкесушілермен 21 қылмыскер іздестіріліп табылды. Оның бесеуіне бұрын, екеуіне өткен жылы іздеу жарияланған болса, қалғандары із-түссіз жоғалып кеткендер санатындағы адамдар еді. Ұсталғандардың арасында екі кісі өлтіруші, төрт қарақшы мен тонаушы бар. Өткен жылғы желтоқсан айында РФ Кемеров облысының Белов қаласында туған 50 жастағы азаматшаны Жаңатас қаласындағы саяжайда өлтірген 30 жастағы азамат қолға түсті. Владимир жеті айдан соң 16 шілде күні жамбылдық ізкесушілермен оңтүстік астананың темір- жол бекеті маңында ұсталды. Қашқын Алматы қаласындағы қонақ үйлердің бірінде әртүрлі жұмыстар атқарып, мекеменің жер төлесінде тұрған. Жамбыл облысының тәртіп сақшыларына 2009 жылдың сәуір айында Меркі селосындағы дүкенде сатушы болып істейтін әйелге қарулы шабуыл жасаған қауіпті қылмыскерді қолға түсіруге бір жылдан астам уақыт қажет болған. – Қашқын бір жылдай Атырау қаласындағы анасының туыстарында жасырынып жүрген. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 22 жастағы қылмыскердің ата-анасы үйіне келіп тұратындығы белгілі болды. Біз оны Сарысу ауданының Байқадам ауылында бір аптадай торуылдадық, – дейді ІІД КПБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Мақсат Юсупов. Облыс ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дмитрий Курбановтың айтуынша, негізгі мақсат – Қазақстан Республикасында, сонымен қатар, оның шекарасынан тыс аймақтарда іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау. Басқармаға республиканың өзге де аймақтарынан және шет- елдерден іздеуде жүрген тұлғалар туралы бағдарлар жіберіледі. Сондықтан да жедел уәкілдерге кісі өлтірушілермен, қарақшылармен, тағы басқа қауіпті қылмыскерлермен жұмыс істеуге тура келеді. Олардың тынымсыз жұмысына бірінші кезекте кәсіби тәжірибе мен сезімталдық, сонан соң сәттілік көмектеседі. Роза ҚАЛДЫБЕКОВА,Жамбыл облысы Заң газеті,23.07.2010 |
Министрдің блогыЖаңалықтар мұрағаты
қатысушыларға сұрақ қою |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||