Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында «Жұмыспен қамту» кешенді жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
Ішкі істер министрлігі республика аумағында ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында «Жұмыспен қамту» кешенді жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, Оған полиция бөліністері және басқа мүдделі мемлекеттік ведомствалары, оның ішінде білім, денсаулық сақтау органдары, жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау, жөніндегі комиссияның қорғаншылық және қамқоршылық органы жұмылдырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыстың кезеңінде кәмелетке толмағандардың тарапынын құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу, оларды, оның ішінде ІІО-ның есебінде тұратын, қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру.
Операцияны өткізу барысында ішкі істер органдары 7 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерін спирттік ішімдіктерді пайдаланғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ата-аналардың немесе олардың орын ауыстыратын адамдардың балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 731 адам, кәмелетке толмағандарды алкогольді мас күйге жеткізгені үшін 51 ересек адам жауапқа тартылды, кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тартқан 6 ересек адам анықталды. 1264 кәмелетке толмаған және 1186 қолайсыз отбасы есепке алынды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті


Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы