Жаңалықтар

Лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталушы Исағалиев Қазақстан Республикасына экстрадицияланды
«Есірткі - шеп» бекетінің ғимараттары құрылысына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың бұзушылықтарын анықтаған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жоспарлы тексеруі нәтижелері бойынша 2009 жылғы ақпанда ЕБҚКК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиевке қатысты лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және өткен жылғы шілдеде айып тағылды.
Жинақталған деректемелердің негізінде Исағалиевтың жауап беру үшін келмегенін және жасырынғанын ескере отырып, сот оны қамауға алу үшін санкция берді және оған мемлекетаралық іздестіру жарияланды.
2009 жылғы қазанда Қазақстан Интерпол Ұлттық орталық бюросы қамауға алу және экстрадициялау мақсатында Исағалиевке халықаралық іздестіру жариялады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іздестірудегі адамның Ресей, Өзбекстан, Қытай, Гонконг, Израиль және Италияда болғаны туралы мәліметтер алынды. Сондай-ақ Исағалиевтың Түркия аумағында жасырынуы мүмкін деген ақпарат алынды.
4 ай бойы Қазақстан Интерпол Ұлттық орталық бюросы Түркия Интерпол Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, оны ұстау мақсатында Түркия Республикасы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды. Түркияның құзіретті органдарының ресми хабарламаларына сәйкес 9 қаңтарда іздестіруде жүрген адам жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жергілікті полиция органдары анықтаған мекен-жай бойынша Анталия қаласында қамауға алынды.
Қазақстан Интерпол Ұлттық орталық бюросы Қазақстанның Бас Прокуратурасы арқылы Исағалиевке қатысты экстрадициялау материалдарын Түркияның Әділет министрлігіне уақтылы жолдады, олар осы елдің құзіретті органдары тарапынан қаралды.
22 шілдеде айыпталушы Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің алып жүруімен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды және қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу іс-шараларын жүргізу үшін тергеу изоляторына орналастырылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы