БАҚ-қа шолу

Журналистер марапатталды
Кеше Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға қосып жүрген үлестері үшін бір топ журналист ІІМ грамотасымен, “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” омырау белгісімен марапатталды. Оны журналистерге Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич табыстады.

Ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі халықтың полицияға деген сенімін жоғарылату болып табылады. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің өз қызметін атқаруы барысында конституциялық құқықтары мен азаматтардың бостандығын сақтау. Бұл басым бағыттар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз және қоғамсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Осы орайда журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі, елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мақалалар сериясын кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін бірқатар республикалық басылым журналистерін грамоталармен марапаттау жөнінде бұйрық шығарған болатын.

“Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Известия”, “Панорама”, “Экспресс К”, тағы да басқа газет тілшілері құрмет қағазына ие болса, “Хабар” агенттігі” АҚ басқармасының төрайымы Гүлнар Ықсанова “Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі” үшін омырау белгісіне ие болды. Марапаттау соңында Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич журналистерге шығармашылық табыс тіледі.

Венера ТҮГЕЛБАЙ.
Егемен Қазақстан,10.07.2010

Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы