
Навигацияжаналықтарға жазылу![]() |
Жаңалықтар
ҚР ІІМ Баспасөз қызметінің басшысы Қ.Жұмановтың апталық брифингінде сөйлеген сөзі
Апта ішінде 1886 қылмыс жасалып, оның ішінде «ізі суымай» 1468 қылмыс, сондай-ақ бұрын жасалған 379 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 130 күдікті қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп, 7 атыс қаруы тәркіленді. 209 есірткі қылмысы, оның ішінде 53 есірткі сату фактісі анықталды. 50 килограмға жуық есірткі, оның ішінде жарты килограмға героин тәркіленді.
Көкшетау қаласында бақылау сатып алу кезінде 5 килограмнан астам марихуана сатқаны үшін үш жергілікті азамат пен Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірінің пәтерін тексеру кезінде 15 килограмға жуық марихуана (14 кг 770 гр) тәркіленді. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері солтүстік өңірлерге есірткі тасымалдау арнасын жойды. Теміртау қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, оның пәтерінен 6 килограмға жуық марихуана және 1,5 гашиш тәркіленді. Қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша Шымкент қаласындағы Әл-Фараби полиция бөлімінің кезекші бөліміне техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінің жұмыскері хабарласып, «Опель-Вектра» автомашинасының жүк салатын бөлігінде аяқ-қолдары байланған көлік иесінің мәйіті табылғанын жеткізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 19 жастағы екі жергілікті азамат ұсталып, олар пайдакүнемдік ниетпен қылмыс жасағандарын мойындады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы облысында «Мазда» автомашинасының жолаушылары Алматы қаласында жалдаған автокөліктің жүргізушісін буындырып, көлігін иемденген. Жәбірленуші қарсылық көрсету арқылы автомашинадан босап шығып, көмекке шақырып үлгерген. «Боран» автопатрулі «ізін суытпай» шабуыл жасағандардың бірін, яғни 31 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Сыбайластарын ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. «Айдап кету» жедел-профилактикалық іс-шарасы Автокөлік құралдарын ұрлаудың және айдап әкетудің жолын кесу және оларды ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ 23-27 ақпан аралығында Алматы қаласының, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында ұрланған автокөліктерді іздестіру мақсатында «Айдап кету» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде автокөліктерді иемденумен байланысты 22 қылмыс, оның ішінде бірқатар шабуылдар, тонаулар, айдап кетулер мен ұрлықтар ашылды. Бұрын ұрланған 41 автомашина иесіне қайтарылып, 38 күдікті ұсталды. Алматы қаласының полиция қызметкерлері автокөліктерді жалға беретін компаниялардан алаяқтық жолмен қымбат тұратын автомашиналарды ұрлаумен айналысқан топты ұстады. Алаяқтар олардың қылмыстық ниетінен хабарсыз болған жүргізушіні жалдап, оған автомашинаны жалға рәсімдеп, айдап әкетумен айналысқан. Осылайша, өткен айдың басында қылмыскерлер жалған адамның атынан «Ниссан Кашкай» автомашинасын жалға алуды ресімдеп, оны сату үшін Шымкент қаласына бет алған. Алайда, олар Жамбыл облысының «Қордай» бекетінде ұсталды. Оларға алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып, осындай қылмыстарға қатысы бары дәлелденді. Онда осындай сызба бойынша «Мерседес Бенц» автомашинасы айдап әкетілген. Ішкі істер министрлігі автокөлік қылмыстарының жаңа түрінің пайда болғанын азаматтардың назарына жеткізіп, мұндай ұсыныстар туралы дереу ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды. Мүліктік қылмыстар желісі бойынша Шымкент қаласында криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың қараша айында қаладағы ломбардтардың біріне жасалған қарақшылық шабуылды ашты. Онда белгісіз адамдар менеджерді шолақ мылтықпен қорқытып, аяқ-қолын скотчпен байлап, құны 2 миллион 500 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жергілікті төрт азамат ұсталып, олар қылмыс жасағандарын мойындады. Астана қаласында тонаумен айналысқан топ ұсталды. Өткен жылдың қазан айының ортасында белгісіз адамдар өздерін электрик ретінде таныстырып, зейнеткердің пәтеріне кірген. Олар тапаншамен қорқыту арқылы жәбірленуші мен оның немересін байлап тастаған және 98 мың рубль мен 150 мың теңгені иемденіп кеткен. 27 ақпанда ІІМ-нің Криминалдық полиция комитеті Орталық өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысты жасағаны үшін жергілікті үш азаматты ұстады. Олар сондай-ақ елорданың сол шағын ауданында қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады. Онда қылмыскерлер осыған ұқсас сызба бойынша жәбірленушілерді скотчпен байлап, 1,5 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген. Күдіктілердің бірі бұрын жәбірленушіде жалданып, жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Қосымша ақпарат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі жасөспірімдердің еркін бос уақытын ұйымдастыру және оларды қызығушылықтары бойынша спорттық секцияларға және үйірмелерге тарту болып табылады. Осыған байланысты, біз бұған дейін хабарлағанымыздай, ІІМ ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған және отбасы жағдайы қолайсыз кәмелетке толмағандарға арнап барлық ведомстволық спорт залдарында тегін спортпен шұғылдану бастамасын көтерген болатын. Қазіргі уақытта осындай сабақтармен 5,5 мың (5598) кәмелетке толмаған бала қамтылған. Ведомстволық спортзалдарда жарты мыңға жуық (492) кәмелетке толмаған жасөспірім баскетболмен, 764 бала волейболмен, 757-сі күреспен айналысады. 1404 жасөспірім футбол ойынын таңдаған. Сондай-ақ, үстел теннисі (272), жүзу (142) сабақтары өткізіледі. Шахмат (344), дойбы (300), бейнелеу өнері және басқа да үйірмелер (1123) ұйымдастырылды. Сонымен қатар ІІМ жастар арасында энтносаралық келісім мен патриотизм құндылықтарын тәрбиелеуге, заңдылықты бұзуға қарсы иммунитетті қалыптастыруға басты назар аударады. Шымкент Ішкі әскерлер құрамасының базасында «Жас бүркіт» балалар әскери-патриоттық клубы құрылды. Бүгінде онда 5 жастан 13 жасқа дейінгі 40 тәрбиеленуші бар. Клубтың жұмыс тәжірибесін кеңінен тарату үшін өткен жылдың күзінде ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының бұйрығымен Ішкі әскерлердің әрбір құрамасында клубтар құру туралы бұйрық пен ереже бекітілді. Алғашқы әскери даярлықтың дағдыларына үйрету, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша сабақ өткізу, әскери қызметке дайындау осы клубтардың мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Клубтардың ережелеріне сәйкес онда «Ту», «Символ», «Әнұран», «Ұран», «Марш», сондай-ақ «Курсанттың ар-намыс кодексі» болуы тиіс. Емтихандарды табысты тапсырған балалар әскери-патриоттық клубының курсанттары Ішкі әскерлер басшылығының қолдаухатымен жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсер кезде артықшылықтарға ие болады. Оқушылардың жазғы демалысы күндері «Жас бүркіт» клубының слетін өткізу жоспарлануда. Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары Жол қозғалысы жас инспекторларының қозғалысын қайта жаңғыртты. Онда 6800 астам жасақ бар және жалпы білім беру мектептерінің 88,9% құрайды. Біз Жол қозғалысы жас инспекторларының қозғалысының слеттері мен конкурстары өскелең ұрпақтың мәдени деңгейіне және балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануымен байланысты жағдайға оң әсерін тигізіп, кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмек көрсететініне сенімдіміз. 2009 жылы Жол қозғалысы жас инспекторлары қозғалысының слеті мемлекетаралық мәртебеге ие болып, оған Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан келген топтар қатысты. Жол қозғалысы жас инспекторлары қозғалысының 9-шы республикалық слетінде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіске жетті. Келесі слетті биылғы жылдың маусым айында осы өңірде өткізу жоспарланып отыр. Астана қ., 2010 жылғы 3 наурыз ҚР ІІМ Баспасөз қызметі |
Министрдің блогыЖаңалықтар мұрағаты
қатысушыларға сұрақ қою |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||