БАҚ-қа шолу

Тәртіп күшейсе, жол оқиғасы азаяды
Жыл басы қашанда атқарылған істер мен жүзеге асырылған жұ­мыстарға көз жүгіртіп, ой елегінен өткізер сәт. Әрине, өткен жыл Шығыс Қазақстан облысы үшін де өзінің өзгерістерімен есте қалды. Десек те, қозғалыс қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында қандай іс-шаралар өткізілді? Нәтиже қандай? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында біз ШҚО ІІД жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сырым Абдуллаевты әңгімеге тартқан едік.



– Сырым Жүсіпахметұлы, жыл қорытындысы шығарылды. Өткен жылдармен салыстырғанда жағдай қандай?

– Жол бойындағы қайғылы жағдайлар бүгінгі таңда еліміздің басты мәселелерінің біріне айна­лып отыр. Мәселен, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында 966 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның сал­дарынан 214 адам қаза тапса, 1153 кісі әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Бұл көрсеткіш 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,7 па­йыз­ға, қайтыс болғандардың саны 11,9 пайызға, зардап шеккендердің саны 9,4 пайызға төмендеген.

Облыс бойынша жыл басынан бері 10 жол-көлік апаты орын алыпты. Ал өткен жылғы көрсет­кіштерге көз жүгіртсек, былтыр бірінші онкүндікте 11 апат болған. Яғни, биыл 2009 жылмен салыс­тырғанда апат саны 9,1 пайызға кеміген. Апаттылық деңгейінің төмендегеніне қарамастан, жол полициясы қызметкерлері қазірдің өзінде бұл бағыттағы іс-шараларды күшейтіп отыр.

– Ол қандай іс-шаралар?

– Қашанда болмасын, жол полициясының алдында тұрған басты міндет – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін, сонымен қатар, қоғамдық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, олардың заңды мүддесі мен мұқтаждарын қорғау, тәртіпті қадағалау. Жос­пар­ланған да, жүзеге асырылған да шаралар осы мақсатты қамтиды. Жүйелі түрде қауіпсіздік онкүн­діктері, айлықтары өткізілуде. Халықпен жұмыс, өзара байланыс – мұның ешқайсысы ұмыт қалған емес. Жол-көлік апаттары ста­тисти­касын сараптап шығарғаннан кейін, оның себеп-салдарына тал­дау жаса­лып, алдын алу шара­лары да өткізіл­ді. Яғни, адам өлімімен аяқтал­ған апаттардың алдын алу мақсатында “Өзара сыйластық күні”, “Жолда қабылдау”, “Ашық есік күндері” халыққа жолда жүру ережелері жазылған күнтізбелер мен ақпарат қағаздары таратылды. Өкінішке орай, соңғы кездері бала­л­ар­дың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары орын алуда. Мәсе­лен, жоғарыда атап өткендей, жыл ішінде тіркелген 966 апаттың 134-і балалар­дың қатысуымен болған. Ал оның салдарынан 8 бала қаза тауып, 137 бала жарақаттанған. 2008 жылмен салыстыр­ғанда жасөспірім­дер қаты­суы­мен болған оқиғалар 9,5 пайызға төмен­деп отыр. Балалар жарақаты­ның алдын алу үшін үгіт-насихат жұмыстарын күшейттік. Жолау­шылар автокөлігінде ескертпе қағаз­дар іліп, білім беру мекеме­лерінде және көлік кәсіпорын­дарында жүйелі түрде насихаттық сипаттағы дәрістер оқылды. Сон­дай-ақ мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдас­тырылып, ұғынықты және қара­пайым тілмен жолда жүру ереже­лерін сақтау қажеттілігі түсіндірілуде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде облыс әкім­дігінің қолдауымен де көптеген шаралар атқарылуда. Облыс басшысы Берді­бек Сапарбаевтың құқық қорғау қызмет­керлеріне баса назар аударатыны да көңіл қуан­тады. Бір сөзбен айт­қанда, жол қауіп­сіздігін қамтама­сыз етуде, халықтың денсаулығын сақтауда, әкімшілік құқық бұзу­шы­лықты анықтау мәселесінде біз жергілікті билік органдарымен тығыз жұмыс істеудеміз. Мәселен, өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен бала­­лар­дың жол-көлік жарақаты­ның алдын алу мақ­сатында халық­аралық және республикалық қозғалыстың жас инспекторлары слетін өткізуге 20 млн. теңге көле­мінде қаражат бөлін­ді. “Рубеж” бекеттерін тос­­қауыл жүйелерімен автоматтан­дыруға 39 млн. теңге қаражат карас­тырылып, “Ертіс” бекетіне орнатыл­ды. Полиция патрульдік автокөлік­теріне сандық бейнетас­паға жазатын жедел жүйе үшін 30,366 млн. теңгеге 80 кешен сатып алынды. Қазіргі таңда жол қозғалысын қадағалау барысында өз тиімділігін көрсетуде.

– Жергілікті атқару органдары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау жасаған еді. Өз үлестерін қосқандарды атай кетсеңіз.

– Семей қаласының әкімдігі­мен көмек көрсетілді. Қала ішіндегі жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарын ұстау бойынша жұмыс жүргізуге 26,3 млн. теңге бөлінді. 14 бағдаршам нысанына жобалық құжаттар дайындалып, олардың жұмысын қамтамасыз етуге 6,9 млн. теңге, жаяу жүргіншілер қоршау­ларын салуға 25,3 млн. теңге, 201 жол белгі­сін орнатуға 2,15 млн. теңге және бұдан басқа шараларға қара­жат бөлінді. “Балалар” бағдар­ла­масы аясында жыл сайын 3 мек­теп маңайында жасанды жол құрылғылары мен жол белгілерін орнату жоспарланып отыр. 2009 жылы өндірісте шығарылған 4 жасан­ды жол құрылғылары бала­лар мекемелері ауданында орна­тыл­ды.

Сөз орайы келгенде, жол поли­циясы қызметкерлеріне облыстық ішкі істер департаменті тарапынан көрсетілмек көмектерді де айта кету жөн. Қызметке жаңа­дан тағайын­далған облыстық ішкі істер департа­ментінің басты­ғы, ми­ли­ция генерал-майоры Қал­мұхан­бет Қасымов­тың жол поли­циясы қыз­­меткерлерінің мәртебе­сін көтеруге деген өзіндік жоспар­лары да аз емес. 2009 жылы 10 авто­көлік, 25 мобильді өлшегіш, 10 мобильді байланыс құралдары берілді. Облыс әкімі Б. Сапарбаев жақын­да ғана бюджет есебінен 198 миллион теңге қар­жы бөлгізіп, 60 пәтер­лі үйді поли­ция қызметкерлеріне тапсырды.

Жалпы, жол оқиғаларының алдын алу жұмыстары Ішкі істер министрлігі, жол полициясы комитеті тарапынан жүйелі түрде қолға алынып отыр. Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп тұрған жол полициясы қызметкері өз ісіне адал болуы тиіс. Жол поли­циясы қызметкері мен жүргізуші және жаяу жүргіншілердің ара­сында өзара сыйластық болса, бұл мәселенің оң шешілетініне сенімім зор.

– Әңгімеңізге рахмет.

Оңдасын Елубай, Өскемен
Егемен Қазақстан, 2010 жылғы 3 ақпан

Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы