ҚР Ішкі істер органдарының қызметі туралы

Ішкі істер органдарының міндеттері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
Iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде төтенше немесе әскери жағдайында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеуді, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалғандығын және құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
5) қажет болған жағдайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарына ықпал ету;
6) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
7) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау, терроризм актілерінің жолын кесуге қатысу, кепілге алынғандарды босату;
8) төлқұжат пен виза жұмысын жүзеге асыру, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін сақтауды бақылау;
9) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiндегі жекелеген мiндеттердi орындау;
9-1) өзге мемлекеттік органдарымен бірге карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде іс-шаралар өткізуге қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте ықпал ету;
9-2) Қазқастан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру;
9-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы аса маңызды және ерекше режімді объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
10) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.



Министрдің блогы

Жаңалықтар мұрағаты

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

қатысушыларға сұрақ қою

Өзіңіздің жергілікті жерлердегі криминалдық жағдайды қалай бағалайсыз және ондағы ішкі істер органдарының рөлі қандай?
Дауыс беру мұрағаты
Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік тіл порталыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер деректер базасыСтатистика агенттігінің порталы