
Навигацияжаналықтарға жазылу![]() |
Жаңалықтар24 тамызда Астана қаласында Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кеңесі өтті. Кеңеске Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлері, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы), ҰҚК-ның Шекаралық қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі Шекаралық қызметінің және Федералдық кеден қызметінің басшылары қатысты. Бұл кеңес 23 тамызда Орал қаласында ІІМ делегацияларының Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары және Ресейдің Астрахань, Волгоград, Орынбор және Саратов облыстары ішкі істер органдарының, шекара және кеден қызметтерінің басшыларымен болған жұмыс кездесуінің жалғасы болып табылады. Кеңеске қатысушылар бірыңғай кедендік кеңістікте ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізудегі ынтымақтастықты дамыту және криминалдық жағдайдың күрделенуінің алдын алудың кең ауқымды мәселелерін қарады. Кеңесте үш елдің ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының оң жетістіктері атап өтілді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының шекаралық және кедендік қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл жасасуының бірлескен күштерін үйлестірудің және жұмысты жандандыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдаудың қажеттігі туындап отыр. Тиісті міндеттемелерді Кедендік одақтың басқа да қатысушылары өз мойындарына алды. Экономикалық ынтымақтастықтың және жалпы кедендік шекаралардың режимін жеңілдету жағдайларында қылмысқа қарсы күресті, бірінші кезекте есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға, қару контрабандасына, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша келісілген шаралар әзірленді. Ішкі істер министрі кездесу барысында Ресей және Беларусь елдерінің Ішкі істер министрлерін Мемлекет басшысының Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша міндеттерімен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Ол Кедендік одақтың қызмет ету жағдайында үш елдің ішкі істер органдары ынтымақтастығының түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды көздейді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі Таңдап алынған 03.07.2010 күнге деректер жоқ |
Министрдің блогыЖаңалықтар мұрағаты
қатысушыларға сұрақ қою |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||